ХАЛЫҚТЫ БИЛІКТІҢ АЛДЫНА АПАРҒАНША, БИЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫНА АПАР…”

370


Түркістан облысы халықты биліктің емес, билікті халықтың алдына апарудың оңтайлы жолын тапты. Түркістан облысы Қоғамдық келісім кеңесі көшпелі кеңес өткізудің орайын келтіріп өкенде ғана Төлеби, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында көшпелі кеңес өткізіп еді. Бүгін Шардара ауданында ауыл халқын мазалаған біраз мәселе талқыға салынды. Биліктің екі өкілі келіп баяндама жасады. Түркістан облысы ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Шері Оспанов пен Түркістан обоысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Азизхан Исмайловты сұрақтың астына алдына тұрғындар. Тұрғын үй, жол, көлік, коммуналдық мәселе, ауыз су, кәріз жүйесіне кәнігідей шүйліккен ауыл азаматтары көкейдегі мәселесін айтып, іштегі “шерін” тарқатты. Жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы Созақбай Әбдіқұлов игі шараны ұйымдастырған Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесі басшысы Эльмира Жанғазиева басқаратын ұжымға рахмет айтып, билік өкілдерін халықтың алдына әкелетін келесі көшпелі кеңес Жетісай ауданында өткізу жоспарланып отырғанын айтты..