“ШАРДАРАДА ӨНЕГЕ БАР….”

329


Әр ауылдың бетке ұстар беделді азаматтары бар. Шардара өңірінде өнегелі ісімен танылған ел ағасы, Шардара ауданының “Құрметті азаматы” Қыстау Ілесовтің өнегелі өмір жолы көпке үлгі. ҚХА жанындағы Шардара аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесовтың тағылымды тарихи еңбек жолын дәріптеген арнайы көрме бұрышының “Шардара тарихи-өлкетану” мұражайында таныстырылымы өтті. Жақсы адамның жақсылығын ұрпаққа насихаттай білген шардаралық ағайынға мың рахмет-дейді музей тынысымен танысқан ел ағасы Түркістан облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов пен Түркістан облыстық ”Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева бастаған экскурция мүшелері. Шағалалы Шардара халқында өнегелі өмір, жақсыдан шарапат алар ғибратты көңіл бар.
Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы