«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

58

Еңбекші ауданында өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 26 жоба іске асырылып, 41 көпқабатты үйдің ауласы қайта абаттандырылды.
2022 жылы 37 жоба іске асырылып 52 көпқабатты үйдің ауласы қайта абаттандырылады және жеке секторларда 6 балалар ойын алаңшасы жаңадан құрылады.
Ауданда 435 аула болса, оның 373-сі абаттандырылған. Бүгінде абаттандырылған аулалардың басым көпшілігі қайта құруды қажет етеді. Осы жылы тозығы жеткен 43 аула жаңартылмақ.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk