“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН” ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

399

Таныс болыңыздар. Нұрахмет Алаш! Шымкент қаласының тұрғыны. А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша тәмамдаған.
2022 жылдың басында “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізіп, оған қаладағы “Камила” мектебі” ЖШС-на жолдама берілген. Қазіргі таңда аталған жекеменшік білім ошағында дене шынықтыру пәнінен балаларға дәріс беріп жүр.
“Жастар практикасымен” келгеніме еш өкінбеймін. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтау үшін таптырмас жоба. Барлық жастарды аталған бағдарламаға қорықпай қатысуға шақырамын, — дейді Нұрахмет Алаш.

Жалпы, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны саналады. Мерзімі — 12 ай. Жалақысы — 30 АЕК (91899 тг).

2021 жылы “Жастар практикасымен” 2500-ден астам жас түрлі мекемелерге, өндіріс орындарына, кәсіпорындарға жолданған. Нәтижесінде 1300-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан.

2022 жылы 2000 ю-нан астам жасты жолдау көзделсе, жыл басынан 700-ден астам жасқа жолдама берілген.

Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі