“КҮЛЕСІҢ БЕ, ЖЫЛАЙСЫҢ БА?..”

842

Сауран ауданында “кәрі қыздың” хаты табылды дейді ме?.. Күлесің бе, жылайсың ба? Осыдан 50 жыл бұрынғы талдырмаш бойжеткеннің бозбаламен әзілдескен “ғашықтық хаты” табылса, әрине күлуге болады. Ал, бұл хат күлетін емес, жаныңды жылататындай-ақ хат. Иә, жүректі езілтіп, көзге жас алдырар “Аманат хаттың” куәсі болды саурандықтар. Бабалар тарихын қағазға таспалаған аманат хатта соғысқа қатысқан 149 жүйнектік тұрғынның аты-жөні айшықтап жазылған. Аманатқа адалдық жасап, өсиет хатты сақтап, 50 жылдан соң жұртқа жария еткен С.Азизова апамызға алла разы болсын. Бүгін Сауран халқы тарихи сәттің куәсі болды. “Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы қарсаңында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хатты салтанатты ашылуына аудан әкімі Ғани Рысбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ этнос жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Тарихи сәт…
50 жыл бұрын жерге көмілген бабалардың өсиет хатын 1971 жылы жазып, арнайы капсуламен жерге қойып, сақтаған кезде С.Азимова апамыз 10 сыныпта оқиды екен. Ол, бүгінде 4 перзенттің аяулы анасы, 16 немеренің ардақты әжесі.
Сұм соғыстың зардабы жүректі жылатса да, сол батыр бабалар ұрпағының аман-сау жетіліп, аманатқа-қиянат жасамауы көңілді жұбатады. Айтпақшы, Жаңа Қазақстанның жаңалығы шығар көңіл жұбатып, көз қуанышқа айналғаны “Ойбай-ау, несін айтасың, бұл “Аманат хат” өзіміздің “Аманат” партиясының өжеттігінің арқасында “табылды” деген даңғаза-дақпырт әңгіме айтылған жоқ.

Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы