“НЕМЕТ ҚАРИЯ НЕ ДЕЙДІ?..”

810

Нәмет қария намазда жүріп шағымданғыш шалдардың “сортынан” емес. Айтарын тура айтатын ақсақал. Түркістандық Ұлы Отан соғысының ардагері Абдрасилов Немет қарияны айтамыз. Ол, қазақ елінің бақ-дәулетті болуын тілеп отырғанған батагөй қария. «Соңғы кезде намаздан жаңылып жүргенім болмаса басқа шағымым жоқ» дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековке аталық ақжүрегін ақтарып.
-Иә, бұл атамыздың әуелгі «тапсырмаларын» орындап, нәтижесінде ардагердің баспанасына табиғи газ да қосылды, көшесіне асфальт та төселді.
Әкімнің «Бізге тағы тапсырмаңыз бар ма?» деген сұрағына «Аман болыңдар!» деді де алақанын жайып, ақ батасын берді. Бұл кісілердің бүгінгі арманы да, тілегі де, батасы да ел амандығының төңірегіне топтасқан. Бейбіт күннің қадірін соғыс көрген сарбаздан артық кім білсін?!-дейді
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гаухар Нұрмаханқызы.

“ARA-ақпарат”