ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 77 ПАЙЫЗЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

591

Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелерде қаладағы 242 525 оқушының 77% (186 986 оқушы) қосымша біліммен қамтылған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш есеп берді.

Жан басына қаржыландыру есебінен 26 000 бала қамтылуда. Оның ішінде 14 мың бала спорттық, 12 бала мәдени үйірмелерге барады. Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 өнер мектебі, 1 оқушылар сарайы. Осы жылы 150 орындық өнер мектебінің, келесі жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді.

Сонымен бірге, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге және 62 800 балаға бір реттік көмекке қаржы қаралды.

Қала әкімі жастарды техникалық білімге бейімдеуді, дуальді оқытуды кеңінен қолдануды, педагогтердің бейімділік біліктілігін жоғарылатуды, жазғы лагерлердің жұмысын жандандыруды тапсырды.

Өткен ғасырларда адамзат ілімінің дамып, ақыл мен ой парасатының жетілуі, оқудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтаған ғұламалардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол өз еңбектерінде еңбек тәрбиесі мен оның теориясын жасаушылардың бірегейі екені мәлім.

Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті тұлға білімдіжәне сонымен бірге міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет.

Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр.Осы арқылы Қазақстанды болашақта шикізат өндіруші емес, ақыл-ойдан туындайтын өнім өндіретін елге айналдырамыз деген бағдар бар, сондықтан да бұл салаға басым назар аударылуда. Қазіргі таңдағы кезең –бұл ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді. Осындайэкономикаалық, кәсіпкерлік ортада табысты жұмыс істеп, жаңа мүмкіншіліктерді анықтап, инновациялық бизнес-идеяларды туындау үшін, әрине білімді, ақыл-ойыңыздың ширақтылығы, ақпараттарды жинақтау және талдау қабілеттерінің болғаны абзал. Сондықтанқазіргі жастарға экономика, жалпы қоғам өмірі, кәсіпкерлік саласындағы білімді игеру кеңінен насихатталуда.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі