ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

362

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мәслихат депутаттары қатысты.

Сессия отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен Үндеуі талқыланды.

Сондай-ақ, «Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссия құрамдарын қалыптастыру және «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5 мәселе қаралды.

Жиын барысында шаһар басшысы: «Президенттің мәслихаттар алдына қойған халықтың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсарту мақсатындағы міндеттемелері әркімнің өз жауапкершілігін жүйелі атқаруға негіз болды» — дей келе, депутаттардың белсенді азаматтарды тарта отырып жұмыс жүргізуі — тұрақты мониторинг пен бақылау жасау жауапкершілігін арттырғанын айтты.

  • Былтыр өңір әкімдерінің халықпен кездесулері жаңа форматта өтті, бұл шараларға депутаттар белсенді қатысқан болатын. Атап айтқанда, 2022 жылы жалпы 473 кездесу өтті, оған 300 ден астам тұрғын қатысып, 2 354 мәселе көтерді. Депутаттармен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде 1 456 мәселе шешімін тапты, 898-і өтпелі.
    Бүгінде Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі елдің ынтымағын арттыру, қоғамның бірлігін сақтау бағытында ауқымды жұмыстарды атқарып, ел ішінде жылдан-жылға абыройы өсіп, белсенділігі артуда,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі