ШЫМКЕНТТЕ ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

316

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-інде
ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті.
Оған Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков, Шымкент қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев және өзгелер сөз сөйлеп, дайындық жұмыстары туралы баяндады.

— Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл — мемлекет және әрбір жекелеген азамат үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі, — деді Нұрлан Мәжитұлы.

Н.Әбдіровтың айтуынша, референдумды әзірлеу мен өткізуді референдум комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумды әзірлеу менен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіткен. Бүгінде маңызды іс-шараны әзірлеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына және күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Семинар-кеңес барысында ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков, Шымкент қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев және өзгелер сөз сөйлеп, дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 317 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 1-еуі қалалық-аумақтық, 4-еуі аудандық-аумақтық және қалған 312-сі учаскелік референдум комиссиялары.


«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.