17 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛДІ

380

Шымкентте жыл басынан бері қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауыменен 17 кәсіпорында 1200-ден астам  жұмыскердің жалақы қарызы өтелді. Жұмыс берушілердің жалпы еңбекақы қарызы  200 миллион теңгеден астам қаржыны құраған болаты. Бұл туралы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысында мәлім болды.

Қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары менен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыс берушілер жәнеде қалалық кәсіподақ өкілдері қатысқан комиссия отырысында азаматтардың еңбек құқығын қорғауға байланысты бірқатар  бірқатар өзекті мәселелер көтеріген болатын. Атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналары менен әлеуметтік аударымдардың уақытылы әрі толық төленуі, еңбек қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардан сақтандыру басты назарда.

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжановтың айтуынша, қазіргі таңда жұмыскерлерді сақтандыру аса маңызды. Өйткені, құрылыс саласында ауызша келісім жәнеде қызметтер көрсету шарттарының түзілу салдарынан қауіпті жұмыста еңбек ететін жұмыскерлер сақтандыру жүйесінен тыс қалуда. Осы бағыттарда ішкі еңбек нарығын қорғау, көлеңкелі экономикадағы еңбек табыстарын ресми бағыттарға өткізуді көздейтін ұсыныстар менен төмен жалақы деңгейін көтеру туралы ұсыныстар әзірленбек.

Жиын барысында сондай-ақ, «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсын өткізу мен «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралардың орындалуы талқыланды.