«ОРДАБАСЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

398

Бүгін Шымкентте футболдан ҚР Чемпионаты премьер-лигасының ойыны өтті. «Ордабасы» өз алаңында Тараздың «Тараз» командасын қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті.
Футбол ойынының көрермені болған қала әкімі Мұрат Әйтенов команданың бүгінгі жеңісі қала күніне үлкен тарту болғанын айтты. Жеңімпаздарды жеке құттықтап, мегаполис абыройын асқақтатқан футболшыларға алғысын білдірді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі