ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ШЕРУ ШЫМКЕНТКЕ ЖЕТТІ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

362

Еліміздің «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУІ» Шымкент қаласына жетті. Дәстүрлі шеру биыл 16-шы рет өтуде.

Достық пен татулықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеген іс-шара Ордабасы алаңынан басталып, Абай саябағында жалғасты. Топ жетекшісі Руслан Абдуллин Шымкент қаласы зор қошеметпен қарсы алғанын атап өтіп, шаhардың одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізді. Іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Халықаралық бейбітшілік пен келісім шеруі 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан басталды. Бүгінгі дейін Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз қаласында болды. Топ мүшелері ұлтына, дініне қарамай, адамдарды бірлік, ынтымаққа шақыруды мақсат еткен. Шеру Шымкенттен әрі қарай Түркістан қаласына аттанады. Келешекте Еуропа қалаларын аралау жоспары бар.

Шымкент келбеті — Т.ҚАСЫМОВ

ФОТО: С.ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков сот ұжымына ҚР Президентінің  2022 жылғы  11 шілдедегі

№ 956 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков және қалалық соттың судьялары Ерлан Сералиев пен Мәлік Жарқынбековті таныстырды. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.

Сонымен қатар, сот төрағасы жиын барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрдәулет Рахынбаевты және Абай аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлнұр Саттарованы, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлсара Рахметуллинаны, Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Нұрғали Құламқадырұлын, Қаратау аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Сырым Жақсылықовты таныстырды.

Сондай-ақ, Е.Рахымбаев осы Президент Жарлығымен Қаратау аудандық сотының судьясы Абдолла Сапашевтың отставкаға шыққаны туралы айтып өтті.

Сөз соңында төраға Ербол Мұқажанұлы жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін жүзеге асыруда заң мен ар алдында әділдікті тең ұстап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етулері тиіс екенін жеткізді.

«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ,

Фото Серік ҚОСАЕВ.