ТҰРАНДА КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН КӘСІП БАСТАДЫ

472

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Тұран шағын ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, көшпелі жиын өткізді. Онда пайдалануға берілген үйлердің кемшіліктері бойынша өзекті мәселелер тұрғындармен бірге талқыланып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Шағын ауданда өткен жылы 27 үй пайдалануға берілсе, биыл 41 үй құрылысы жүруде.Қала әкімі  М.Әйтенов әрбір кемшілік бойынша мердігерлерге қатаң ескерту жасап, тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

Табиғи газ бойынша — 5 тұрғын үй қосылған, қалған 20 үйдің қамтылуы қыркүйекке дейін жоспарланған болып табылады.

Ал, абаттандыру жұмыстарына сәйкес газондардың су жүйесі реттеліп, кіші архитектуралық формалар қойылмақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН КӘСІП БАСТАДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Лаура Шонықбайдың жасы 27-де. Ол ағымдағы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз  ретінде тіркеліп, сәуір айында мемлекеттік грантқа үміткер ретінде жастар санатымен (29 жасқа дейін) құжаттарын өткізген. Оның кондитерлік өнімдер дайындау бизнес жоспарын комиссия мақұлдап оң қорытындысын берген болатын. Көп ұзамай тиісті грант қаражаты тағайындалып, оған кәсібін бастауға арналған бірнеше құрал-жабдық сатып алған.

— Мемлекеттің осынау қолдауы — кәсіп бастаймын деген жастарға үлкен мотивация. Қармақ берді, ары қарай алып кету әркімнің өз қолында. Шын ниеті бар адам кез-келген істі алып кетеді. Оған сенімдімін. Қиындықтар болмайды емес, болады. Оны жеңетін бір-ақ нәрсе бар. Ол — еңбек, — дейді Лаура Шонықбай.

✅ 2022 жылы Шымкент қаласында барлығы 1150 азаматқа мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған болса, бірінші кезеңде (сәуір айы) 225 азаматқа грант тағайындалған болатын.

 

#Еңбекбәрінжеңбек