АУДАНДА ҮШ ЖОЛДА БАСТАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

455



Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 18,800 шақырымға, ені 7 м жуық арақашықтағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Көлкент-Ақсуабад-
Манкент» автокөлік жолы күрделі жөндеуден өтуде. Құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған. Нысан өтпелі болғанымен, биыл қыркүйек айына құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ескі асфальт алынып, жолға жаңа асфальт төселуде. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар КХ-36 «Аксу-Көмешбұлақ» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

​ ​ ​ ​ ​ Автокөлік жолының ұзындығы​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 7 шақырым болса, ал ені 6 м тұрады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ Аталған жол Ақсукент ауылындағы​ Жібек Жолы көшесінен басталып, Ы.Иманалиев көшесі арқылы Әйтеке би ауылына дейінгі арақашықтықты құрайды.
​ ​ ​ ​ Мердігер мекеме биыл 11 тамызынан бастап жөндеу жұмыстарына кіріскен болатын.​ ​ ​ ​ Аталған нысан 2023 жылға өтпелі.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ Ағымдағы жылы жолдың күрделі жөндеуден өтуіне қаралған қаржылар есебінен​ бірқатар жұмыстар атқарылды. Жол бетіндегі ескі асфальт алынып тасталды. Орнына шағал тас төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
​ ​ ​
​ Сонымен қатар, аудандық маңызы бар КХ-40 «Аксу-Манкент-
Жібек-Жолы» автокөлік​ жолына​ күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Автокөлік жолының ұзындығы 13,033 шақырымды құрайды.
​ ​ ​ Аталған жол Ақсукент ауылынан Манкент ауылы арқылы Сихым ауылынан Жібек-Жолы ауылына өтеді. Ағымдағы жылы қарастырылған қаржыларға жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Құрылыс жобасына сәйкес,​ жолдың 3,5 шақырым көлеміндегі бөлігіндегі ескі асфальт алынып, қайта тас төсеу мен асфальттеу жұмыстарына дайындық жұмыстары басталды. Жолдың екі жағындағы тозығы жеткен, ескі ағын су құбырларларын ауыстыру жоспарланған.

​ ​ ​ ​ Жоғарыдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-і.
Олардың ішінде екі нысанның құрылыстары 2023 жылға өтпелі. Осы жұмыстарға 10 жүк көлігі және арнайы техникалар жұмылдырылған. Нысан құрылыстарына 16 жұмысшы қамтылған.