ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН 15 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҮЗІЛГЕН ТАМЫРЫ ЖАЛҒАНДЫ

264

Шымкентте 81 елді мекен бар болса, соның 31-і табиғи газбен жартылай қамтылған. Ал 8 елді мекенге газ тартылмаған. Бүгінде халықты толықтай көгілдір отынмен қамту үшін қаладағы 15 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды.

Брифингте осылай деген қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков жыл соңына дейін бірнеше нысанның құрылысы аяқталатынын жеткізді.

“Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елді мекендері  және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталатын болады.  Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады”,-деді ол.

Шымкент қаласы тұрғындарының 93% табиғи газбен  қамтылған болса, биыл бұл көрсеткіш 94,7%-ға артады.

БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҮЗІЛГЕН ТАМЫРЫ ЖАЛҒАНДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері   5 жастағы балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды.

Науқас бала ауыр жағдайда жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Баланың  оң тізе астынан қан кету, сондай-ақ, төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілермен жансақтау бөліміне жатқызылған.

Тексеру барысында мамандар  оның оң тізе асты артериясы мен тамырының толықтай кесілгенін анықтады. Егерде  балаға шұғыл түрде ота жасалмаса, аяғындағы жарақаты асқынып мүгедек болып қалу қаупі басым  екенін түсінген дәрігерлер  ота жасауға кіріседі.

Хирургтар науқас баланың тамырларының диаметрінің кішкентай болуына байланысты, микроскопиялық LEICA ONX аппаратының көмегін пайдаланды.  Нәтижесінде, мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап тігіп берді.

“Отадан кейін аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген жағдайда, көбіне дистальды бөлігі өкінішті жағдай ампутациямен аяқталуы мүмкін. Ата-аналарға балаларына көңіл бөліп, қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге шақырамыз”-дейді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.