ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

254

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда келген.
Сонымен қатар Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып отыр. Сондай-ақ Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысуда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.