ШЫМКЕНТТІКТЕР СПОРТ КҮНІН ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

471

 

Спорт күні меркесіне орай әр өңір өзінің спорттағы жетістіктері мен нәтижелерін сарапқа салады.Айтарлықтай табысқа қол жеткізген  Шымкент қаласы спортшылары  2022 жылдың  жарты жылдығы  көрсеткіші бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша республикамызда көшбастаушы өңірлердің бірі болды. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып жалпы 1186 медаль жеңіп алды, оның ішінде 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль.

Бразилияда өткен XXVI Сурдлимпиада ойындарында 2 спортшымыз қатысып, Шымкент қаласының намысын қорғап спортшымыз күміс медаль жеңіп алған болатын.

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 39 алтын, 18 күміс және 24 қолаға қол жеткізсе (жалпы 81 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 28 алтын, 15 күміс және 8 қола медальға (жалпы 51 медаль) ие болды.

Дүниежүзілік гимназияда ойындарына 11 спорт түрінен 23 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Күні кеше Түркия елінде өткен ИСЛАМ Ынтымақтастық Ойындарда 12 спортшысыз қатысып 10 медаль жеңіп алған болатын, оның ішінде 5 алтын, 5 қола медаль бар.

Шымкент қаласы спортының жетекшісі Бауыржан Тұманбаевтың атқарып отырған жұмыстарына жоғары баға берілді. Спорт күні мерекесіне орай осындай биікке жетуге үлес қосқан сала қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды.

 

Спорт күні мерекесіне орай спортты дамытуға қосқан үлесі үшін, Шымкент қаласы бойынша  спорт саласының қызметкерлері  мемлекет тарапынан  марапатқа ие болды.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі

Абаев Дәурен Әскербекұлының тарапынан марапатталған  спорт қызметкерлері.

«Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:

Жабаев Нұрлан Жанпейісұлы

Ешметов Камолжан Ташбулатович

Бақберген Исағали Сарсенұлы

Мелдебекова Рахат Сайлаубайқызы

 

«Құрметті спорт қызметкері»

төсбелгісімен марапатталған спорт қызметкерлері:

Подойникова Ольга Александровна

Тлешбеков Еркебай Үсіпбекұлы

 

«Құрмет грамотасымен»

марапатталған спорт қызметкерлері:

Қасқаев Заңғар Жәдігерұлы

Джумабаев Мұрат Рамазанұлы

Мырзабаев Әділхан Қолмағанбетұлы

Медеубеков Оразбек Булекбайұлы

Репин Николай Владимирович.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы

Ерғалиев Самат Серікханұлының

«Алғыс  хатымен»

марапатталған спорт қызметкерлері:

Жылқыбаев Мұрат Амангелдіұлы

Байдуашов Ермек Сатыбалдыұлы

Мекенбаев Саян Керімбекұлы

Қыпшақбаев Талап Сұлтанбекұлы

Мамықов Зейнулла Арынбекұлы

Шабданбекұлы Ұлан

Есембаев Оралхан Мәдиханұлы

Аблаев Нұрсұлтан  Нұрғалиұлы

 

Ел спортын көтеруге сіңірген еңбектеріңіз ескеріліп  алған марапттарыңыз құтты болсын!

Ілияс Жолдас

Спорт шолушысы