ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар, түрлі сала өкілдері мен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы спорттық шараның маңыздылығына тоқталды.
«Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты — жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету»,
— деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, Сейілхан Саттарханұлы – бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл шараға 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша қатысуда. Турнирдің финалы 1-ші қазанда өтеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі