ШАРДАРА: ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

343
Бүгін «30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Бердешов, аудан әкімі аппараты, аудандық экономика және қаржы, аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімдерінің мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты. Казакстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кызметі туралы » Заңының 21-бабында мемлекеттiк қызметшілер ҚР Президентi айқындайтын тәртiппен ант қабылдайды деп көрсетілген. Осы орайда, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшiлердiң ант беру Қағидаларына сәйкес, мемлекеттiк қызметке жаңадан қабылданған Дәулетбай Шүкір Жанболатұлы (аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлiмiнiн бас маманы) және Бердеш Фарида Оразбекқызы (аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы) ант қабыдады.
Олар Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге, сондай-ақ, Конституция мен елдің заңнамасын сақтауға ант берді.
Ант қабылдау рәсіміне арнайы қатысқан аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметте 40 жыл жұмыс атқарған ардагер Ілесов Қыстау Інайұлы жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерді құттықтай отырып, оларға елге адал, шынайы қызмет ету жайында өсиет айтып, табысты еңбек етулерін тіледі.