“БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 28000 БҮЛДІРШІН 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ…”

304

 

Шымкентте бала туымы өте жоғары. Бұл көңіл қуантады. Соның дәлелі биылғы жылы Шымкентте 28000 оқушы 1-сыныпқа барады. Бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады-деді Шымкент қалалық

білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева

«Тамыз кеңесіндегі» сөзінде:

 

 

Құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы!

Қадірлі  ұстаздар!

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

 

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және  Ата Заңымыз — Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәстүрлі шараның ашылуымен баршаңызды құттықтаймын.

Құрметті ұстаздар, Сіздер біздің мамандығымыздың ең жақсы қасиеттері – балаларға деген сезімталдық, қамқорлық, және адамгершілікті көрсетудің жарқын үлгісіне айналдыңыздар. Баршаңызды басталғалы отырған жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы, бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім саласында атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етсеңіз.

 

Бүгінгі кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысын саралап жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді айқындайтын боламыз. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдер үшін 32 секцияда               244-ке жуық баяндама жасалып, оған қаламыздың 15 000-ға жуық әріптестеріміз онлайн/офлайн форматта қатысты.

 

Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда.

Биылғы оқу жылында  28 000-нан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы «Балалар жылы» деп жарияланған болатын. Балалар жылы қарсаңында «1000 мектеп» жобасы қолға алынып, Шымкент қаласының өзінде биылғы жылы 25 мектеп пайдалануға берілгелі отыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі», -деп, бәсекеге қабілетті әрбір жас цифрландыруды мектеп қабырғасынан меңгеруі тиіс деген болатын. Осы бағытта              15 000-ға жуық мұғалімдеріміз курстан өткізілді.

Биылғы оқу жылында Басқармаға қарасты 223 мектеп,                           577 балабақша, 38 колледжбен, жалпы 862 білім беру ұйымдарында 390 мыңға жуық тәрбиеленушілермен жаңа оқу жылын бастау жоспарлануда.

1-сыныпқа 28 002 оқушы қабылданды. Өткен жылмен салыстырғанда 3 000 балаға артық.

Оқу жылы 36 апта 173 оқу күні, 192 каникул және демалыс күндерінен тұрады. Жаңа оқу жылында 1 және 5-11 сыныптардағы білім беру стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар еніп отыр.

 

Мемлекеттік бағдарламалар:

Білім саласында жалпы 3 мемлекеттік бағдарламада 14 көрсеткіш белгіленген (7 ай қорытындысымен 11-і орындалған).

  1. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары;
  2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы;
  3. ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласының әкімі арасындағы меморандумы.

Білім саласы бойынша белгіленген индикаторлар мен көрсеткіштер жыл соңына дейін жоспарға сәйкес толығымен орындалатын болады.

 

Қаржыландыру:

Білім саласына жалпы қаралған қаржы — 168 млрд. 371 млн.тг.    (2021 жылы 135 178,3 млн.тг).

Бюджет түрі

2021 жыл

(млн. тг.)

2022 жыл

(млн. тг.)

1

Республикалық бюджет

44 417,9

59 363,3

2

Жергілікті бюджет

90 760,4

109 008,2

Барлығы

135 178 300,0

168 371,5

 

 

Кадрлық әлеуетті дамыту.

Педагогтар саны – 31 800 (б/б – 5 684, колледж – 3 111, мектеп – 22 112).

Мектептерде 22 112 педагог жұмыс істейді (мемл. – 20 611, ж/м – 1 501).

Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды, материалдық ынталандырулар ескерілуде. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткізу,  шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін арттырылуда.

Жоспарға сәйкес, 2022 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың                  190 педагогы (тәрбиеші-165, меңгеруші-25) қайта даярлау курсынан өткізілді.

Қазіргі таңда, қаладағы мектептердегі педагогтардың ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бар педагогтар саны — 12 988 педагог (65,9%).

2022 жылға біліктілік санаты бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (68%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден                 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады.

Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.

2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.

Тағы бір маңызды сәт: 2022 жылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беретін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 116 білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланып, жаңа оқу жылында жұмыстарын бастады.

Мектепке дейінгі білім беру саласы.

2021 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары 86,2% белгіленген. 2021 жылы 22 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары толығымен орындалған.

Ал, 2022 жылға Ұлттық жоспарға сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары — 76,2%, 3-6 жас – 100% орындау жоспарланған.

Аталған бағытта балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес 2022 жылға әр балаға 41 197 теңге болып белгіленіп, 35 млрд. 665 млн. тг. қаржы қаралды (РБ-8 615,0 млн.тг., ЖБ-27 049,7 млн.тг.) (2021 жылы әр балаға 37 527 теңгеден белгіленіп, жалпы 29 млрд. 946 млн.тг. қаржы қаралған).

Бүгінгі таңда, қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 88 429 баланың – 88,6%-ы (77 764 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 52 169 бала – 100%,              2-6 жас аралығындағы 75 233 баланың 89,1% (67 038 бала) қамтылған.

Ата — ана төлемақы мөлшері 3 жасқа дейін 9000 мыңнан 11436 тг., 3 жастан жоғарыға 11 000-нан 14 407 тг. ұлғайту үшін жаңа қаулы бекітілді.

Баланың танымдық коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Дана бала» жобасы іске асырылып, 25 әдістемелік құралдар әзірленді.

Балалар жылы аясында «Әжемнің ертегісі» жобасы іске асырылып, БАҚ-да және балабақшалардың әлеуметтік желілерінде еттегілер түсірілімі жариялануда.

2022 жылы 3 457 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.

Жыл соңына дейін 28 балабақша ашу (2 480 орынға) жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы жаңа Стандарт қабылданып, келесідей өзгерістер енгізілді:

  1. Орыс тілі пәні оқытылмайды
  2. Вариативтік оқу жоспарына сәйкес баланың жас психологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу жүктеменің ең жоғарғы көлемі сақталады
  3. Ұйымдастырылған оқу қызметі ойын түрінде өтеді (сабақ кестесі түзілмейді).

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру яғни қаржыландыру жүйесі жаңартылуда. Ваучерлік тетікті енгізу жұмысы жалғасады. Біз үшін мемлекеттік тапсырыс ашық орналастырылуы тиіс, өкінішке орай бүгін әлі де көп проблемалар орын алуда.

Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

 

Орта білім беру саласын дамыту.

2022 жаңа оқу жылында 20 мектеп (жекеменшік) жаңадан ашылып (жыл соңына дейін тағы 5 мектеп ашылады), 4 мектепке қосымша ғимараттар салынып, 223 мектепте 258 525 оқушымен бастағалы отыр (2021 жылы 25 мектеп жаңадан ашылып (мемл.-4, жекем.-21), мектеп саны 203 болып, онда 242 525 оқушы  білім алды. Оның 152-і (217 271 бала) мемлекеттік, 51-і (25 254 бала) жекеменшік мектеп).

 

Білім қоры 6% құрайды.

Жалпыға міндетті білім қорынан мектеп формасы 58 154 балаға 37 389 тг. бөлінді.

Одан бөлек, «Қазақстан халқына қоры» — 12 240 балаға канц.тауарға (30 000 тг) және 4 187 балаға жеке кәсіпкерлер есебінен көмек берілуде.

 

Сапаны арттыру бағытында 3 орталық ашылуда:

1.«Мектепке дейінгі дамыту орталығы»

2.«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы»

3.«Қосымша білім беру салалық оқу орталығы».

 

Білім саласындасапаны арттыру бағытында

Басқарма жанынан 3 орталық ашылды:

— «Мектепке дейінгі дамыту орталығы».

— «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы».

— «Қосымша білім беру салалық оқу орталығы».

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған интерактивті тренажер платформасымен қамтамасыз етілді.

 

PISA халықаралық зерттеулерде  —  21 мектеп, 4 колледж  (сәуір-мамыр айында  өткізілді).

Білім жетістігін бағалау мониторингі – 71 мектеп (сәуір айында өткізілді) нәтижелері жыл қорытындысымен шығады.

 

Қосымша біліммен қамту бағытында:

2022 жылы Ұлттық жоспарға сәйкес оқушыларды қосымша біліммен қамту — 77,1% жоспарланған.

Қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушылардың 76% (179 343 оқушы) қосымша біліммен қамтылған.

Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 32 000 бала қамтылуда:

— спорт басқармасы — 14 000 бала,

— мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы – 18 000 бала.

Ал, білім басқармасы тарапынан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржы көлемі белгіленіп, қосымша 3 000 баланы қамту ағымдағы жылғы қазан айына жоспарланып отыр (86,1 млн.тг.).

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымдары салынуда. Атап айтсақ, пайдалануға беру мерзімдері бойынша:

-2022 жылы 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы қамтитын);

-2023 жылы 500 орындық 1 оқушылар сарайы (12 000 баланы қамтитын).

 

Ыстық тамақпен қамту:

Қазіргі таңда, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған.  Қаралған қаржы – 10 703,4 млн.тг.

Оның ішінде, 2022 жылдан бастап 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен  қамтылған (5 971,8 млн.тг.).

 

Әлеуметтік көмек, жазғы демалыс:

Қаладағы аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге 300,0 млн.тг. және  56 154 балаға бір реттік көмекке 1 965,3 млн.тг. қаржы қаралып, жүзеге асырылды.

 

Инклюзивті білім беру:

Қаладағы инклюзивті білім беру бағытында жұмыс жасайтын жалпы мекемелер саны – 26. Оның ішінде 2021 жылы 4 ПМПК және 2 ППТК,                     7 логопед кабинеттері ашылған.

Сонымен қатар, басқармаға қарасты Әдістемелік орталықтан «Инклюзивті білім беру» бөлімі ашылды.

Арнайы мектеп-интернаттарға 100%-ға пандустар, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген.

Көру қабілеті бұзылғандар үшін «Брайл» және  ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы оқулықтар алынды.

Жоспарланған жұмыстар:

2022 жылға Ұлттық жоспарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту жоспары — 50%.

Белгіленген жоспарға жету үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін 1 ПМПК, 1 ППТК ашылып, тиісті құжаттары ресімделуде.

Сонымен қатар, 122 логопункт кабинеттері, қосымша 46 логопед штат бірліктері, 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылды.

Қаладағы жалпы 5 арнайы мектеп-интернеттың 3 ғимаратқа ағымдағы жөндеуден (11 079,0 мың тг.), 1 ғимаратқа күрделі жөндеуден (63 009,0 мың тг.), 1 ғимаратқа ЖСҚ (8 257,0 мың тг.) дайындалып, 12 250, мың тг. қаржыға материалдық-базасын нығайтылды.

Күрделі жөндеу:

Жалпы қажеттілік 23 мекеме (2022ж.-5, 2023ж.-9, 2024ж.-5, 2025ж.-4).

2022 жылы 5 білім беру ұйымына (3 мектеп (№11, 50, 107 жом), 1 балалар үйі (№3 БҮ), 1 арнайы мектеп-интернат (Қосалқы мектеп-интернат)) күрделі жөндеу жүргізуге 2 372,8 млн.тг. қаржы қаралды.

— Мектеп – 3: №11 мектеп, №50 мектеп, №107 мектеп.

— Басқа да – 2: мектеп-интернат, №3 балалар үйі.

 

Сонымен қатар, 4 мекеменің ЖСҚ-сы дайын (1 мектеп(№66), 2 ББ(№3, 99), 1 колледж(Қастеев ат.)).

Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда (12 мектеп (№№7, 10, 13, 26, 41, 46, 75, 80, 93, 99, 108, 109), 3 арнайы мектеп-интернат (№1 Есту қабілеті бұзылған, Сайрам көмекші мектеп-интернаттары, ЦАН), 1 колледж (М.Өтебаев ат. Және Ә.Қастеев ат.), 3 балабақша (№№43, 71, 98)).

2021 жылы 4 мекемеге (1 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Ағымдағы жөндеу жұмыстары:

2022 жылға 258 мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 324,2 млн.теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

2021 жылы 175 мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 330 млн. 600 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Жылыту маусымына бойынша:

2022-2023 жылға жылыту маусымында жалпы 236,3 млн.тг. қаржы қаралған:

— Жылу жүйелерін қысымдауға 83,2 млн.тг.

— Қатты және сұйық отынмен қамтуға қаралған қаржы – 153,1 млн.тг. Қазандықтардың 252 мекеменің жылуды пайдалану түрі бойынша «Қуатжылуорталығы-3» МКК-нан – 122 мекеме, жеке қазандықтан — 130 мекеме жылытылады (қатты отын – 14, сұйық отын – 4, газбен – 112 мекеме). Оның ішінде қатты отынмен жұмыс істейтін 14 мекемеге 4 543 тонна қатты отын сатып алуға 61,3 млн.тг. және сұйық отынмен жұмыс істейтін 4 мекемеге 544 тонна сұйық отын сатып алуға 91,8 млн.тг. Жеткізу жұмыстары толығымен аяқталған (Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны –14 (№60, 61, 67, 73, 83, 91, 106, 111, 113, 117, 118, 122, 124, 125 жом), сұйық отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 4 (№49,95,139 жом, №10 б/б)).

 

Спорт алаңшы:

Қаладағы 148 орта білім беретін мектептерде 139 спорт зал және 191 спорт алаңшалары (футбол, баскетбол, волейбол) мен 3 ату тирімен қаматамасыз етілген.

Оның ішінде, 95 мектепте типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылған.

Спорт алаңшаға қажеттілік – 8 (2022 ж.-6 мектеп, 2023 ж.-2 мектеп(№101, 139 жом)).

2022 жылы 6 мектепке (№33, 53, 94, 135, 136 жом, БИЛ-1) спорт алаңша орнатуға 249,1 млн.тг. қаржы қаралды. Бүгінгі таңда орнату жұмыстары толығымен аяқталды (2021 жылы 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылды).

 

Жаңа модификацияланған кабинетпен қамту:

2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 млн.тг. қаржы қаралып, жалпы 372 кабинет (12-химия, 26-физика, 10-биология, 10-STEM, 49-АӘД, 121-медиация, 122-логопед, 22-робототехника) кабинеттерін және 610 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнатылды.

Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 68%-дан  72,0% артып отыр.

(2021 жылы мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында  263 кабинет, 178 интерактивті тақта  (50-физика,  95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттерін) алынды. Нәтижесінде, мектептерле жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,2%-дан  68%-ға артқан),

 

Оқулықтармен қамту:

2022-2023 оқу жылына «Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді» сатып алу және оны тасымалдауға ЖБ –1 658,6 млн.тг. қаржы  бөлініп, 15 баспадан оқулықтар тасымалданды.

Оның ішінде 113,2 млн.тг. көркем әдебиеттер сатып алуға қаралған.

(2021-2022 оқу жылына 1 160 456,0 мың теңге қаржыға 1, 4, 9, 11 сыныптарға оқулықтар, 26 112 дана 107 түрлі көркем әдебиеттер сатып алынды).

 

 

Бейнебақылау жүйесі:

Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылды (2021 жылы бейнебақылау жүйесін орнатуға 545,9 млн.тг. (2 385 нүктеге)). Жаңа-2840, ескісі-2 140.

 

Турникетпен қамту:

Білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған (2021 жылы турникет орнатуға 359,4 млн. тг.).

 

Дабыл батырмасы және мамандандырылған күзет:

Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған (2021 жылы 102,8 млн.тг.).

Сонымен қатар, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен  100% келісім-шарт түзілген.

 

Компьютермен қамту:

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201).

Шымкент қаласында білім алушыларға онлайн форматында қалыпты жағдайда білім беру мақсатында 2020 жылдың өзінде 47 330 компьютерлік құрылғылар сатып алынған (компьютер – 18 413, ноутбук – 24 716, планшет – 4 201).

2021 жылы қосымша 190 дана компьютер сатып алынды (қаралған қаржы — 39,0 млн. теңге).

Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды (бұған дейін 27 оқушыға 1 компьютерден келетін болағын).

 

Дизайнерлік жұмыс:

2021 жылы 34 мектепке дизайнерлік жұмыстар жүргізілді (№1, 2, 3, 4, 9, 15, 17, 20, 23, 26, 30, 31, 34, 35, 38, 40, 41, 43, 45, 46, 47, 62, 65, 86, 109, 112, 115, 120, 122, 128, 129, 132, 136, 137 жом). Қаралған қаржы – 408,8 млн.тг.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар:

Санитарлық-гигиеналық жабдықтармен қамтуға — 128,0 млн. тг. қаржы бағытталып, тиісті құрал-жабдықтар толығымен алынды.

 

Жетістіктер

Республикалық «Үздік педагог» номинациясы – 2022 жылы 3 жеңімпаз.

«Күнделік» электронды журналын жүргізуде 2021-2022 оқу жылдарының І, ІІ жж. бойынша «Алтын түйме» иегері.

Республикалық спорттық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысынан оқушыларымыз 10 алтын, 3 күміс, 1 қола алып, Шымкент қаласы жалпы командалық 3 орынға ие болды.

Республикалық мектеп оқушылары арасындағы спорт жарыстарына арналған ХІ жазғы гимназиадасында  6 алтын, 2 күміс, 1 қола.

«Елбасы медалі» жобасы.

2021-2022 оқу жылында «Елбасы медалі» жобасына 305 жас қатысты,  131 қатысушыға «Елбасы меделі» жобасының Қола медалі табысталды. 54-і грант иегері атанды. «Елбасы медалінің» иегерлері және білім грантын ұтып алғандардың көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы 3-орынды иеленді.

Пәндік білім сайыстары. Алтын – 10, күміс – 17, қола — 33

Ғылыми жоба – 14

Пәндік олимпиада -60

Президеттік олимпиада -1

Басқа да сайыстар – 33

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту.

ТжКББ 19 004 (мемл.тапсырыс бойынша – 12 137) студентті қабылдау жоспарланса, қабылданғаны – 10 325 (85%). Аяқтау мерзімі 25 тамыз.

Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында  7 мемлекеттік колледжді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталды. Нәтижесінде, 7 колледжде 8 мамандық бойынша 18 құзыреттілік орталығы ашылды.

 

2022 жылы 37 колледжде 36 006 студент білім алды (мемлекеттік колледж – 11, студент — 14 130, жекеменшік колледж – 25, студент — 20 831).

2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде                  11 704 орын бөлініп отыр (ЖБ – 5 704 орын, РБ – 6 000 орын). Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 3 жылда 14%-ға өсіп отыр.

Бөлінген мем. тапсырыстың 87% техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде болады. Оның ішінде, бөлінген мем. тапсырыс шеңберінде 8 193 орынға (70%) 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылады.

Биылғы жылғы жасалған өзгерістерге байланысты колледждерде 1200 орынға кәсіпорындардың тікелей қажеттілігіне орай нысаналы гранттар бөлінеді.

Бүгінгі таңда дуальді оқыту форматын жүзеге асырылатын мемлекеттік колледждер саны-8. Қамтылған студенттер саны – 2260-ды құрайды (11,3%).

117 кәсіпорынмен 1 201 шарт пен келісім жасалды, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді. Колледждің негізгі серіктестері «Авто-Маркет» ЖШС, «Дара Сервис» ЖШС, «Агро Спец монтаж» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Промгражданстрой» ЖШС, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Transtelecom» ЖШС, «Қазпошта» ЖШС, «Қазақтелеком» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Civil Industrial Project Group» ЖШС, «ditel

Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады.

Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша: құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету саласы, байланыс және ақпараттандыру, экономика, білім беру, өнер саласы денсаулық сақтау үшін  75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Құрметті ардагер ұстаздар!

 

Сіздердің бүкіл ғұмырыңызды білім саласына арнаған еңбектеріңіздің орны ерекше, Сіздерге де алғысымды білдіре отырып, төл мерекелеріңіз, яғни жаңа оқу жылымен құттықтаймын!

 

Құрметті ұстаздар!

 

«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен Хәкім Абай!

 

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды!

 

Сіздерге жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!

 

Сіздерге жаңа оқу жылы табыстар мен жетістіктерге қол жеткізер ерекше жыл болсын!

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жоғары жетістіктер тілеймін-деді бас ұстаз Жанат Тажиева.

Жаңа оқу жылында барша ұстаздар қауымына табыс тілейміз.

ARA-ақпарат