ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

307
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы
№826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесуі
2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10.00-де «Жеңіс» саябағында (Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі №41 «А») өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат
11.00-де «Халықтық кеңсе» ғимаратында (Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі №39 «А») өтеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Келес ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 23 қыркүйекте
сағат 14.00-де «Жеңіс» саябағында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі) өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы
23 қыркүйекте сағат 15.00-де «Келес ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі) өтеді.
​Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.