ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ НОРМАЛАРЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Қайнарбұлақ шағын ауданында болып, құрылыс жұмыстармен танысты. Бүгінде аталмыш ауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Кейбір құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.
60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылып жатыр. Әзірге 50 шақырымы біткен.Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізіліп жатыр. Ал Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда. Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шақырымды құрайды.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ НОРМАЛАРЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ
Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасалып келеді.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мұрындық болып отыр.
Кезекті сондай жұмыстар бойынша аталмыш басқарма қызметкерлері Еңбекші ауданы Қаратөбе тұрғын алабы Қапал батыр көшесіндегі 13 кәсіпкерлік нысанда болды.
Нысандардың маңдайшасына жазылған жарнама, жазуларды тексеріп, зерделеген кезде 5 коммерциялық нысаннан Тіл туралы заң талаптарының бұзылғандығы анықталды. Осыған орай кәсіп иелеріне ескерту жасалып, бағыт-бағдар беретін түсіндірме парақшалары таратылды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.