ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА 5 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНИТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

376

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады.

“Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» туралы мәлімет 2023 жылы шығады”-деді әкім баяндамасында.

Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73%-дан 100%-ға өсті.

2022 жылдың 1 жарты жылдығында Шымкент қаласында 15325 бала дүниге келді.  Оның ішінде егіздер-194, үшемдер-1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%).

Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.

Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде.

Түркістан облысының негізгі денсаулық сақтау ұйымдары Шымкентте орналасқан. Сол себепті өлім көрсеткіші қалада тіркеледі. Ал Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтерді түзетіп отырады.

Шаһар басшысы сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты.

Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 төсектік заманауи периниталдық орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар.

Жалпы, соңғы жылдары Шымкент қаласында медицина саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып жатыр-дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасыеың басшысы Нұрлыбек Асвлбеков. Оның айтуынша үшінші мегаполисте балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды. Заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық оталар жасалынды.

Қалада   балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта  жалпы Шымкент қаласы бойынша  9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі  жүргізілуде.  Жалпы  тәуліктік  балалар  төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны 101-ге жеткен.

Денсаулық зор байлық.  Шымкент қаласындағы медицина саласына жасалған әрбір жағдай, халық денсаулығына жасалған жақсылық деп ұғамыз.

ARA-ақпарат