МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

370

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) жергілікті жердегі әкімдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн форматта жәрмеңкелер ұйымдастыру ұсынылған болатын.

Ұсынысқа орай, Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық аурухана, жұмыспен қамту орталығы, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және аудандық әділет басқармасының мамандарының қатысуымен онлайн жәрмеңке өтті.

Жәрмеңке барысында әлеуметтік желі қолданушылардан жоғарыдағы аталған салаларға қатысты жалпы 21 сұрақ келіп түсті. Тарата айтқанда, жұмыспен қамту — 7, денсаулық сақтау — 4, әлеуметтік сала — 5, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау — 5. Жәрмеңке барысында барлық түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынылды. Қосымша түсетін сұрақтар орындаушыларға жолданылып, алдағы уақытта жауап берілуі назарға алынды.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету және электронды түрде көрсетілетін қызметтерді айқындау болып табылады.

Бұл ретте, жәрмеңке өткізудің типтік нұсқаулығына сәйкес, ағымдағы жылдың II жартыжылдығында аудан деңгейінде, нақтылай келе, 2022 жылдың 19 қазан және 16 қараша күндері аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет ұсынатын органдар мен мекемелердің жауапты қызметкерлерін қатыстыра отырып, онлайн жәрмеңкелер өткізілетін болады.

Аудан тұрғындары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында туындаған мәселелері бойынша толыққанды мәлімет алуына мүмкіндіктері бар.