ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

332

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

— Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп тұрмын. Мақсат — талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдау. Бюджеттің жағдайы белгілі, барынша тиімді қолданып, бірінші кезекте шалғайда орналасқан ауылдарды дамытуға баса назар аударылуда. Сонымен қатар, халыққа аса маңызды жарық, жылу, жол, ауыз су мәселелерін шешуге күш саламыз. Сіздердің әрбір өтініштеріңіз назарға алынып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді Мұхит Отаршиев.

Кездесуде аудан әкімдігі тарапынан қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын орындау бағытында атқарылған жұмыстар да баяндалды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы облыстық және аудандық бюджет есебінен Сарыағаш қаласындағы жалпы ұзындығы 33,4 шақырымды құрайтын 42 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 18 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілетін болcа, былтырғы жылы 9 дана бейнебақылау камералары орнатылған.

Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы аумағында жауынды мезгілдерде көшелерге су жиналуының алдын алу мақсатында 7 көшеге 1375 метрлік астау (лоток) орнату жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, қазіргі таңда жеңімпаз мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Тұрғындар тарапынан аудан басшысына инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік жағдайды көтеру және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Кездесуден кейін аудан басшысы бір топ тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылады.