ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ АҚ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

166

1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Мырзакент кентіндегі «Тәжі» мейрамханасында қазыналы қарияларға арналған аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды.

Іс-шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ-бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері, ауыл билері және аз қамтамасыз етілген, жалғызілікті қарттар қатысты.

Аудан әкімі сөзге шығып, ауданымызда ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсенді атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдіріп, атаулы мерекемен баршаны құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев та ізгі тілегін арнады.

Мерекелік кеште «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін көрсетіп, қазыналы қарттардың көңілдерін көтеруге атсалысты. Сондай-ақ, ақ жаулықты әжелерден құралған қор ұжымы өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 9150 зейнеткер бар. Оның 259-ы тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 239 жалғызілікті қарияларымыз ғұмыр кешуде.

Қарияларымыздың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында биыл «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлеріне 492 жолдама, «Кәусар бұлақ» шипажайына 330 жолдама берілген.