,,АСФАЛЬТТЫ АРМАНДАМАЙ ТҰРА ТҰР…”

507

Әрине жолың мен қоса көлігің жақсы болса ғана діттеген жеріңе жететінің бесенеден белгілі. Ал, тас төселмеген, күн сіркіреп өтсе мый батпаққа айналатын жолдармен тек жаннан безгендер ғана жүретіні де өмірдің шындығы. Тас демекші басқа емес Шымкенттің төңірегінде де тас төселмеген құр топырақ жолдар бар екен.Анау- мынау емес 172 шақырым. Бүгін Шымент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаңы шыққан көшелердің мәселесін ”май шаммен” қарады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының айтуына қарағанда қазірше 153 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу үшін 600 миллион теңге бөлінген көрінеді.Асфальтты армандамай тұра тұру керек екен…Мұнан бөлек ,,инженерлік коммуникация құрылысынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді екен…Сол пәлекеттің салдарынан әлгі шағала тас жабындысы бар бақандай 180,1 шақырым көшелердің техникалық ахуалы күрт нашарлап кетіпті де қайтадан тас төсеу керек екен»… Ол үшін қала қоржынынан ең берісі 800,0 миллион бөлінуі қажет көрінеді.
Сонда о баста іске алғысыз, өмірге қауіпті, сапасыз жолдар салып миллиондарды желге ұшырғандар не дейді екен?
Ә.Белгібай
,,Ара24кз,,