2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 78 ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛІП, 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

20

Түркістан облысы тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс тұрғындары үшін облыс әкімі аппаратының жанынан Азаматтарды қабылдау орталығы (АҚО) тұрақты жұмыс жасауда.

2025 жылдың қорытындысымен АҚО-ға 47 873 адам жүгініп, оның ішінде 2 215 өтінім қабылданды. Мемлекеттік органдардың өкілдерімен 42 447 кеңес берілді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары мен аппарат басшылары АҚО шеңберінде бірыңғай кестеге сәйкес 769 қабылдау өткізіп, 3 211 тұрғынды қабылдады.

2025 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 88 998 жолданым түсіп (2024 ж. – 72 462), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға өскен. Түскен жолданымдардың 73 221-і қаралып, 16 573-і басқа мекемеге бағытталған. Қалған 2 795 жолданым қаралу барысында. Қаралған жолданымдар бойынша 43 075-іне әкімшілік рәсім, оның ішінде 40 498-іне қолайлы әкімшілік акт, 2 568-іне ауырпалық салатын әкімшілік акт қабылданған.

Жолданымдардың басым бөлігі жер қатынастары, білім, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қорғау және құрылыс салаларына қатысты. Атап айтқанда, жер қатынастары – 20 789 (30,9%), білім – 9 902 (15%), тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық – 6 580 (10,3%), әлеуметтік қорғау – 3 130 (5%) және құрылысқа байланысты 2 859 (4,4%) жолданым түскен. Жалпы, бұл салаларға қатысты 43 260 жолданым қаралған.

Жер және білім салаларындағы жүйелі мәселелерге талдау жүргізілді. Одан бөлек, жиі жолданым жазатын азаматтардың көтерген мәселелеріне де талдау жасалып, кверулянттар тізімі жасақталды. Түскен жолданымдардың қаралуымен қоса, әкімдікке шалынған қоңырауларға да зерделеніп, тұрғындар жеке қабылдауға шақырылады.

2025 жылдың қорытындысымен облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 78 қабылдауы ұйымдастырылып, 737 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімі Нұралхан Көшеров 26 қабылдау өткізіп, 305 азаматтың талап-тілектерін тыңдады. Облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 52 қабылдау өткізіп, 432 азаматты қабылдады.

Облыс бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақтандырылып, сын-қатерлер мен қауіптер туралы мәлімдемелерді қамтитын жолданымдар бақылауға алынуда. Тәуекелдер картасын қалыптастырудың қолданыстағы алгоритміне сәйкес, салалық тәуекелдерді бағалау тұрақты негізде жүргізіліп, өтініш берушілер көтеретін мәселелердің сыни дәрежесіне бастапқы бағалау жасалуда.

Әкімдік азаматтардан келіп түсетін өтініштердің арасынан жиі қайталанатын мәселелер бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыруда.

Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімі атқарушы органдар басшыларының 2026 жылдың І тоқсанына арналған қабылдау кестесін жасақтап, азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жалғасады.