АУДАН КӨШЕЛЕРІНДЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

34
Ауа райының бүгінгі жағдайына байланысты аудан орталығында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз жүруіне жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Бүгінгі таңда Абасов, Қажымұқан, Тұрманжанов, Аубакиров, Азимбаев, Қазыбек би, Абай, Оразбаев көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, жол бойлары мен жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар ретке келтірілді.
Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жалғасуда. Жауапты мекемелер тарапынан арнайы техника мен жұмысшы күштері жұмылдырылып, жұмыстар кезең-кезеңімен ауданның басқа да көшелерін қамтитын болады.
Аудан тұрғындарынан жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауды және коммуналдық қызмет жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі