ҚАЛА ӘКІМІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

469

Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым және 7 учаскеден тұрады. Шымкент қаласының әкіміұрылыс нысанының II III кезеңдері бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс барысын тексерді.

Құрылыстың 2 — кезеңі бойынша ұзындығы – 1,7 шақырым. Аталған нысан бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынған 20 үйді сүру жұмыстары жүргізілді.

Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 метр жол асты өткелі бөлігі қарастырылған. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстарын оңтайландыру маңызды іс.

Қонаев даңғылы жалғасының 3 кезеңі Төрешкова мен Бөгет көшесіне дейінгі аралықты алады. Шымкент қаласындағы жол кептелісіне едәуір әсер ететін бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -гіне жүктелген.

Жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды, жолдың ені 42 метрді құрайды. Бүгінгі таңда, 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю жұмыстары орындалды.

Қазіргі уақытта, тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру, жұмыстары жүргізілуде.

Қала басшысы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына сапаны сақтай отырып жұмысты барынша жеделдету амалдарын ойластырып, бұл бағытта барлық қолайлы жағдай жасауды міндеттеді.