№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының техникалық базасы жаңарды

309

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жасы он сегіз жастан асқан І-ІІ топтағы психоневрологиялық аурулары бар, көмекке мұқтаж мүгедектерге қызмет көрсетіледі.  Қазіргі таңда орталықта 246 азамат 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін алуда. Бүгінде орталықтың әлеуметтік-медициналық қызметі бойынша дәрігерлердің бөлмесі, стоматология, акушер-гинеколог, массаж, сәулемен емдеу, емдік дене шынықтыру бөлмелері бар. Сонымен қатар, қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізіледі. Емделушілердің еңбек терапиясына арналған арнайы бөлмелер, ыңғайлы пандустар, қызмет алушыларға барлық жағдайлар жасалған.

Жақында орталықтың техникалық базаларын жаңарту мақсатында жаңа өндірістік заттар, медициналық құралдар мен жиһаздар алынды. Орталыққа алынған бактерицидті камера, өндірістік үтік, кір жуу қондырғысы және т.б. қажетті құралдар қызмет алушыларға емдік шараларын жүргізуде септігін тигізуде. Атап айтсақ, ультракүлгін бактерицидті камералар медициналық қызметтің кез-келген бейініне арналған. Олар стерильді медициналық құралдармен жұмыс жүргізілетін операциялық, таңу, қарау орталықтың стоматологиялық кабинеттерінде, емдеу-профилактикалық бөлмелерінде қолданылуда.

Айта кетерлігі, орталық тарихи — хронологиялық тәртіпте 1953 жылы 30 қараша айынан «Шымкент қорғасын зауыты кезіндегі мүгедектер үйі» деп аталып, бүгінгі таңға дейін бірнеше атауы ауыстырылған.