«ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

256

Бүгін, Қазығұрт ауданында халық пен биліктің арасындағы диалогты нығайтуға арналған «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Жиынды, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының төрағасы А.Өсербаев жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде, «Халыққа қызмет көрсету мәселелері мен мәдениеті туралы» мәселе қаралды. Оның ішінде, азық-түлік пен басқа да тұтыну тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мәселесі де бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу туралы үнемі айтылып келеді. Алайда, бұл өнімдер бағасының шарықтауы тоқтамай тұр. Қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі – халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ал оның нарықтағы бағасы қолжетімді ме? Ауданымызда азық-түлікті сақтайтын қоймалар бар ма? Әлеуметтік дүкендер арқылы халыққа сатылатын ұндар халыққа жетіп жатыр ма?

Күн тәртібі бойынша көтерілген сұрақтарға, азық-түлік пен басқа да тұтыну тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы, Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Қалдыкөзов хабарлама жасады.

Сондай-ақ, ардагер С. Өсербаев: «Медицина саласына мемлекеттік тұрғыдан бар жағдай жасалып жатқанмен, «ақ халатты абзал жандардың» соған сай қызмет көрсетіп жүргені сирек. Аудандағы емдеу мекемелеріне келсеңіз, риза кейіпте шыққан жандарға сирек жолығасыз, сонымен қатар кезек күтетін науқастарға отыратын орындықтар қарастырылмаған. Медицина қызметкерлерінің мәдениеті төмен. Адамды бірінші сөз емдейді, өзі ауырып келген науқастарды қабақтарын түйіп шығарып салады»-дейді.

Зейнеткер, ардагер ұстаз Ф.Артыкбаева: Дәрі-дәрмектердің бөлшек саудадағы бағасы бойынша шекті мөлшерде сатылып жатыр ма?,Аудан аумағында тіркелген-тіркелмегені белгісіз дәрі-дәрмектердің сатылып жатқандығы, оларды бақылайтын орындар бар ма?

Нәтижесінде, айтылған сын-ескертпелер және де атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, Орталық емхана басшысының орынбасары М.Сапарбекұлы хабарлама жасап,сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету мәселелеріне қатысты бөлімдер шақыртылып, клуб мүшелерінің көкейлерінде жүрген сұрақтары қойылып, отырыс барысында бөлім басшылары тарапынан тиісті түсініктемелер беріліп, сын-ескертпелер назарға алынды.

Зейнеткер, М.Көмекбаев клубтың атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайтындығын айтып, талқыланған мәселелердің шешімін келесі отырыста талқылауды ұсынды.

Айта кетейік, отырыс қорытындысы бойынша шешім қабылданып, келесі отырыста нәтижесі туралы ақпарат берілетіндігі келісілді. Кезекті кездесу «Парасат» пікір талас клубы мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде, Жақсыбай Құлжабаевтың төраға болып сайланды. Клубтың отырысы 2 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Аудандағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбы талқыланатындығы, «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өткізілетіндігі бекітілді.

Отырысты қортындылаған аудан әкімі А.Айдарұлы бүгінгі жиынның өтуіне атсалысқан, жиынға белсенді қатысқан барлық азаматтарға ризашылық білдіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алудың, аудандағы маңызы бар өндірілетін өнім көлемін арттыру арқылы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік бар екендігін оның ішінде күріш, картоп, пияз, сәбіз дақылдарының көлемін арттыру септігін тигізетінін айтып өтіп, аудан тұрғындарын бірігіп жұмыс жасауға шақырды.