“ШӘРБАТ ӨМІР БОЛМАСА ДА, ШӘРБАТ КӨҢІЛ БАР…”

590

Тағдыр… Тағдырдың жазуымен қаншама қарттар өмірінің соңын қарттар үйін паналаумен өткізіп жатыр десейші… Мәселен, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесі 170 қарттың панасы болса, оның директоры Шарбат Шырынбекова олардың анасы сияқты.
Қарттар үйі 1965 жылы ашылған, 170 адам паналайды. Мекемеде тұрып жатқандарға 4 мезгіл ыстық тамақ беріледі, арнаулы үйірмелер жұмыс істейді, кітапханасы бар, психологтар қариялармен тығыз жұмыс жасауда. Мұндағы 170 қарт үшін ”шарбат” өмір болмаса да, Шарбат Шырынбекованың шарбат көңілі бар. Бәріне де, өмір қымбат, өмірден кейін көңіл қымбат! Рас, әр түрлі ұлт пен әр түрлі қарияның жабырқаулы көңілін тауып, оларды анасындай аялап, қыздарындай қамқор болып жүрген Шарбат Шырынбекованы қарттардың бәрі шексіз сүйеді. Оған Қазыбек Иса ағамен бірге барғанда көз жеткіздім.

Ерсұлтан Әмірбек, журналист