“ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ…”
Үшінші мегаполис атанғалы бері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейі едәуір өсті. Бұны халық санының өсуімен ғана емес, индустриалдық-инновациялық жаңа жобалардың дүниеге келуінен де аңғаруға болады. Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсенбеков есепті баяндамасында бұл туралы елге егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі No 28 қаулысымен құрылған.
Басқарманың штат саны 21 бірлік мемлекеттік қызметші және 11 бірлік келісім шарт негізінде жұмыс атқарады.
Басқарма 4 құрылымдық бөлімнен тұрады.
Негізгі жұмыс бағыттары:
— Өнеркәсіпті және экспорт бөлімі;
— Инвестицияларды тарту бөлімі;
— Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі;
— Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімі.
БАСҚАРМАНЫҢ ЕНШІЛЕС МЕКЕМЕЛЕРІ
— «Шымкент ӘКК» АҚ; оның ішінде:
— «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары; — «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы;
— Көлік-логистикалық аймағы.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 3 689,2 млн. теңге бөлінген, оның ішінде РБ – 48,7 млн. теңге, ЖБ – 3 640,5 млн. теңге.
2022 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша 3 419,7 млн. теңге жоспарланып, 3 419,6 млн. теңге толығымен 100% игерілген.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дуйсебеков
«2022 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі» бойынша баяндамасында бүй дейді:
Қалған 269,6 млн. теңге жыл соңына дейін қаржы жоспарына сәйкес игерілуі жоспарлануда, 99,9 млн. теңге басқарма қызметкерлерінің жалақысы, 6,9 млн. теңге басқармаға компьютер сатып алу, 52,6 млн. теңге фронт-офистің атқарылған қызметі бойынша, 46,0 млн. теңге мемлекеттік гранттар, 2,6 млн. теңге жергілікті резерв есебінен қаңтар оқиғасы бойынша аудиторлық және бағалау-сметалық қызметтерге төлеу.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы жетекшілік ететін салалар бойынша 2022 жылдың 7 айының қорытындысымен келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:
-өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,4 пайызға артты;
— қала экономикасына 219,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға артты;
-шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 91,0 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артты;
-бөлшек сауда көлемі 305,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға артты.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 6 нысаналы индикатор белгіленген:
Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 6 нысаналы индикатордың 2022 жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша орындалуы келесідей.
- Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 445,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 9,6 пайызға артты. (Жылдық жоспар — 703 млрд. тг., есепті кезеңде орындалуы 63,3 пайызды құрап, жыл соңына дейін артығымен орындалады).
- Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 32,3 мың тоннаны («Шымкент химиялық
3
компаниясы» ЖШС — 17,9 мың тонна, «HILL Corporation» ЖШС — 14,4 мың тонна) шығарды, бұл жылдық жоспардың 64,6 пайызын құрайды. (Жылдық жоспар — 50 мың тонна, орындалады).
- Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 128,6 пайызды құрайды. (Жылдық жоспар — 127%)
- «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жоба іске қосуды жоспарлап отырмыз. (Жылдық жоспар – 1 жоба)
- Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 7,2 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында 8,0 пайызды құрайды (Жылдық жоспар – 8,7%).
Қалған 1 индикатордың (Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі, %) статистикалық деректері кешігіп жария етіледі. Жасалған талдауы бойынша бұл жылдық көрсеткіште орындалатын болады-дейді ол.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 507,6 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 108,4 пайызды құрады.
Бұл өңдеу өнеркәсібінің 9,6 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 4,0 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 6,2 пайызға, сумен жабдықтау 11,7 пайызға төмендеген.
Анықтама үшін:
— өңдеу өнеркәсібінде – 445,2 млрд. теңгенің, НКИ – 109,6%;
— кен өндіру өнеркәсібінде – 496,1 млн. теңгенің, НКИ – 93,8%;
— электрмен, газбен жабдықтау – 49,3 млрд. теңгенің, НКИ – 104,0%; — сумен жабдықтау – 12,5 млрд. теңгенің, НКИ – 88,3% құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ
2022 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 219,1 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға артты (2021 жыл қаңтар- шілде – 163 млрд.теңге).
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар жалпы құны 1,9 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 300 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 165 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 559,4 млрд. теңгеге 7,9 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған.
Оның ішінде, 2022 жылы 52,8 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.
Бүгінгі таңға жалпы құны 28,6 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба 465 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
Анықтама үшін:
1.«KazAlpack» ЖШС – алюминий банкілерінің өндірісі (23,4 млрд.тенге, 145 ж.о.);
- «Dala Construction» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу (2,9 млрд.тенге, 50 ж.о.);
- «Цветлит» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу (123 млн.тенге, 20 ж.о.);
- «Эко-фарм» ЖШС – медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі (1,5 млрд. теңге, 150 ж.о.);
- «Mega Smart B2B» ЖШС – жиһаз фабрикасы (750 млн. теңге, 100 ж.о.).
Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.
Сонымен қатар, жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 өндірістік алаң жұмыс істейді.
Аталған аймақтарда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 315,5 млрд. теңге сомасына 195 инвестициялық жоба іске асырылуда-дейді Береке Дүйсенбеков.
Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет 17,8 млрд. теңге жұмсалса, осы уақытқа қатысушыларынан 36 млрд. теңге салық түсуі Шымкент қаласындағы индустриалдық-инновациялық жобалардың жемісті дк, жеңісті жұмыстарының еңбек өнімділігі мен лайықты нәтижесі десек жарасады.
“ARA-ақпарат”