МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

0
764

Облыс орталығының медицина саласы дамуына еңбек сіңірген дәрігер – Жаримбетова Зираш Қазыбекқызын еске алуға арналған волейболдан Түркістан қалалық ашық біріншілігі өтті.

Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің “Балуан Шолақ” атындағы спорт кешенінде өткен бәйгеде 12 медицина мекемесі бақ сынасты.

Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша:

Түркістан облыстық “Жедел жәрдем” қызметі

Халықаралық Хожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің емханасы

Түркістан қалалық емханасы иеленді.

Жаримбетов Зираш Қазыбекқызы – 1965 жылы туылған, терапевт дәрігер.

Үш перзенттің анасы. Жиырма жылдан аса уақыт қаланың медицина саласында басшылық қызметте жұмыс істеген.