МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

551

Бүгін Жүйнек ауылдық округінде 15-қараша Ұлттық валюта теңге — қаржыгерлер күніне орай, мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа жалпы саны 12 команда қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Атап айтар болсақ, Сауран ауданы әкімі аппараты, аудандық кірістер басқармасы, аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Айтулы жарысқа аудан әкімі Ғ.Рысбеков арнайы қатысып, бұқаралық спортты дамытуда осындай жарыстардың көптеп өткізуін айта келе, спортты серік еткен жандарға сәттілік тілеп, сайыста тек мықталардың жеңіс тұғырынан көруіне игі тілегін жеткізді.

Жарыстың ережесіне сәйкес, аталмыш командалар 4 топқа бөлініп өзара жарыс көркін қыздырды. Сонымен сайыс нәтижесі бойынша өзгелерден озық ойын өрнегін көрсеткен Сауран ауданы әкімі аппараты мен жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің қызметкерлерінен құралған команда І орынды иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынды мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері еншілесе, ІІІ орын Жүйнек және Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне бұйырды. Жарыста үздік ойын көрсеткендері үшін Ғ.Дүйсенбиев, Ә.Абдарим, Н.Сұлтанмұрат, А.Төлеген аудан әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі