АУДАННЫҢ ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

295

Бүгін Сауран ауданында жағымды жаңалықтың куәсі болдық. Тарқатып айтар болсақ, «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Бекмұрзаев, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Б.Бейсембаев, ауданның зиялы қауымы тағы да басқа қонақтар қатысты.

Аталмыш жинақ үстіміздегі жылдың сәуір айының 14-ші жұлдызында ұйымдастырылған «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы еңбектері енгізілді.

Бұл кітапқа конференциядағы баяндамалар мен ғылыми мақалалар Сауран ауданының тарихы мен мәдени мұраларына, ішкі туризмді дамыту жолдарына, сонымен қатар тілге қатысты кейбір мәселелер мен ономастика саласы бағытындағы материалдар қамтылып, жинақталған. Жинақ тарихшыларға, өлкетанушыларға, тіл, филология, шығыстану, мәдениеттану, туризм, музей және мәдениет саласының мамандары мен студенттеріне сондай-ақ, көпшілік қауымға арналып отыр.