«ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

453

Ата Заңымыз — Конституцияның 83-бабымен прокуратура – заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалаушы, сотта мемлекет мүддесін білдіретін, заңмен белгіленген ретте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын орган ретінде айқындалған.

Осыған орай, 05.11.2022 жылы Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен бұған дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы өзгеріп, оның мәртебе-сатысы жоғарылап, ҚР Конституциялық Заңдар қатарына енді.

ҚР «Құқықтық актілері туралы» Заңына сай, Конституциялық заң– ҚР Конституциясында көзделген мәселелер бойынша қабылданатын, нормативтік-құқықтық актілер арасында сатысы жоғары заң болып табылады.

Аталған Коституциялық Заң нормаларына сәйкес, прокуратура органдарына келесі міндеттер, құқықтар мен құзыреттер белгіленген.

— ҚР Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілер бойынша түсініктеме беру үшін ҚР Конституциялық сотына жүгіну мүмкіндігі;

— Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау, оның қызметіне жәрдем көрсету;

— Ел аумағынан шетелге заңсыз шығарылған сырттағы активтерді қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс мемлекеттің мүддесін білдіру бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру ;

— белгіленген ретте кәсіпкерлік субьектілерін тексеру (тексеру тек ҚР Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасымен және олардың келісімімен ғана жүргізіледі);

— заңды бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме беру;

— қосымша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша жазбаша нұсқаулар беру;

— қосымша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, күзетпен ұстау, жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығару;

Сонымен қатар, заңдылықтың сақталуын тексеру, жай-күйін талдау, заң күшіне енген актілерді бағалау ретінде қадағалау нысандары белгіленді; прокуратураның актілері жүйлендірілді; өтініштерді қарау санаттары кеңейтіліп, нақтыланды; прокурорлармен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі кеңейтілді және басқа да қызметтер айқындалды.

Әлбетте, Еліміздің Ата Заңы – Конституциядан тамыр тартқан бұл нормалар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде нығаюына, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қатаң сақталуына, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруіне өз ықпал-үлесін тигізетіні сөзсіз.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, аталмыш Конституциялық Заң — заң тәрібін күшейту және прокуратура органдарын ұдайы жетілдіру бағытында үнемі қолданыста болмақ.

Сауран ауданының прокуратурасы