НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ

319

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Шорнақ» жалпы орта мектебінде «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, партия мүшесі М.Қалеке, Сауран аудандық емханасының нарколог дәрігері С.Сейдуллаев, емхананың психолог дәрігері А.Мұсабекова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Т.Раметжан және білім саласының өкілдері қатысты.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалекеев бүгінгі іс-шараның маңыздылығы жөнінде тоқталып, нашақорлыққа қарсы насихаттың көптеп жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Іс-шара барысында Сауран аудандық емханасының нарколог дәрігері С.Сейдуллаев нашақорлықтың сипаты, түрлері мен зияны жөнінде кеңінен баяндап өтті.

Емхананың психолог дәрігері А.Мұсабекова осындай шаралар аудан көлемінде мекемелерде, мектептерде, колледжде өткізіліп жатқандығын айтса, Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Т.Раметжан күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды заттарды пайдаланбау туралы түсіндірді.

Жиынды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке қорытындылап, нашақорлыққа қарсы насихат шараларында белсенді болуға шақырды.