ОТБАСЫНЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫНАН ҚЫМБАТ НӘРСЕ ЖОҚ

222

Отыз жыл тату- тәтті тұрып, жаңа жылға аяқ басқанда, ел демалып жатқанда, арандату әрекеттерін бастау – бұл шындығында құқық қорғаушылар мен билік өкілдерінің пайымдауынша, қарапайым жандардың ойлауынша да бұл үлкен қастық әрекет болып табылады. Ел ішіндегі азық-түлік бағасының көтерілуі, мұнай газдың үстінде отырған Маңғыстауда газдың екі есеге өсуі бұл Үкіметтің дәрменсіздігін көрсетеді. Соның салдарынан Үкімет отставкаға кетті.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алты мәселені жедел шешуді тапсырды. Оның ішінде денсаулық сақтау мен балалар мәселелерін шешу мақсатында «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құруды, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыруды тапсырды. Бұл міне нақты қадам. Олай дейтін себебім – қоғамымыздағы барлық ауыртпалық алдымен аналарға одан кейін қорғансыз балалардың мойнына түседі.

Ереуілге шығушылардың арасынан естияр саяси сауатты белсенді мүшелерімен Үкімет үстел басына отырып, мәселені шешуіне болады. Себебі, қазақстандықтарымыз үшін тыныштықтан қымбат нәрсе жоқ.

Бексұлу ЖОЛДАСБЕКОВА,

Сауран ауданы Әжелер алқасының төрайымы.