БҮГІН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ “ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ” ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, “ДӘСТҮРЛІ ДІН — РУХАНИЯТ МӘЙЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

750

Дөңгелек үстелге, дін саласында елеулі үлестерін қосып жүрген — Түркістан қаласының бас имамы — М.Джумадулаев, Түркістан қаласы әкімдігінің жиынтық-талдау бөлімінің басшысы, қалалық ТҚК хатшысы — Т.Абдреев, Н.Төреқұлов мешітінің имамы — А.Нұрқабаев, Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы — Қ.Салықбаев, ХҚТУ-нің теология факультетінің аға оқытушысы, phD докторы — Б.Ботақараев, Ішкі саясат бөлімінің теолог маманы — Б.Нуритдинов қатысты.

Дөңгелек үстелде дәстүрлі дініміз, салт-дәстүр, руханият, құндылықтарымыз дәріптеліп, сондай-ақ қоғамдағы діни тұрақтылықты арттыру бойынша пікірлер алмасып, дәстүрлі дінімізді одан әрі нығайту жолында әр тарап өзінің ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстелді жиынтық талдау бөлімінің басшысы, ТҚК хатшысы — Т.Абдреев қорытындылап, алдағы уақытта осы жұмыстарды басшылыққа алып, ары қарай жандандыруды ұсынды.