ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ 3 ЖАЙТЫНА ҚАТЫСЫ БАР БОЙЖЕТКЕНДІ ҰСТАДЫ

241

Түркістан қаласындағы түсіндірме жұмыстарының жүйелі бір саласы халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын  қалыптастыру болып табылады. Түркістан қаласының прокуратурасы Түркістан қаласының тұрғындарын құқықтық сауаттылықты игеріп, алаяқтардан абай болуға шқырады. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс бойжеткен алдап кеткен. Яғни алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 20 000 000 теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 6 000 000 теңге ақша алған. Алайда арадан 6 айдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, сезікті оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 3 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 8 миллион теңгені құрады. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда бойжеткен қамауға алынып, «Алаяқтық» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінде ел арасында көптеп танылған, әрі жиі болатын телефон, интернет алаяқтарын айтуға болады. Банк карталарының әрбір төртінші иесіне қаржы алаяқтарынан қоңыраулар келіп түседі. Телефон алаяқтары алдаудың ең ұтымды тәсілдерін қолданады. Осылайша, заманауи технологиялар адамды адастыру мүмкіндігін күннен күнге арттырып, сенгіш азаматтарды қулықтың құрығына түсіреді. Қарапайым адамдар телефон арқылы алаяқтың тұзағына түскенін байқамай, жеке мәліметтерін оп-оңай бере салады. Бүгінгі мақаламызда телефон алаяқтарының жымысқы әрекеттері мен күтпеген шығындардан қорғану жолдары туралы біле аласыздар.

Алаяқтардың басым бөлігі есіміңізді ғана біліп қоймайды, сондай-ақ тегіңіз бен әкеңіздің атын да біледі. Кейбір әккілер картаңыздағы деректермен қатар, сізге қызмет көрсететін банк жайында да хабардар болуы мүмкін. Алаяқ хабарласқан уақытта алдымен осы мәліметтерді алға тартады. Сонымен қатар транзакция нөмірін және т.б. сандарды айтып, одан сайын сенімге кіруге тырысады.

Шындығында, мұндай ақпаратты табу қиынға соқпайды, оны банктердің мәліметтер базасынан немесе әртүрлі агрегаторлардың көмегімен алуға болады. Сіздің атыңыз бен телефон нөміріңіз бір кездері жеңілдік картасын жасаған немесе бонустық бағдарламаға қатысқан кез-келген дүкенде болуы мүмкін. Қоңырау шалушылар әдетте қобалжулы дауыспен біреудің сіздің картаңыздан ақша алуға тырысып жатқанын айтады немесе күдікті аударым мен карта бұғатталуы туралы телефонға хабар береді. Кең таралған амал-айла: Сіздің картаңыздан күдікті аударым жасалды.  Сіздің шотыңыздан белгілі бір сома есептен шығарылды.  Біреу сіздің жеке кабинетіңізге кірді. Біреу сіздің атыңыздан төлем жасауға немесе картаны басқа телефон нөміріне тіркеуге тырысты. Телефон алаяқтары картамен «күдікті» әрекеттерді тоқтату үшін шот нөмірін, сондай-ақ CVV-кодын немесе транзакцияларды растау кезінде телефонға SMS-хабарламамен келетін қысқа кодты атауды сұрайды. SMS-хабарламадағы кодты айту арқылы сіз ақша аударымын тоқтатпайсыз, керісінше оны растайсыз және бұл жағдайда ақша алаяқтардың шотына түседі. Сонымен қатар алаяқтар сізден өз карталарының деректемелерін атай отырып, өз еркімен картадағы ақшаны басқа «қауіпсіз» шотқа аударуын сұрайды.Сіз телефон тұтқасын қоймау үшін қаржы алаяқтары барлық амал-тәсілдерді қолданады. Олар тез әрі еш кідіріссіз сөйлейді, адамның көңілін мүмкіндігінше ұзағырақ аулауға тырысып, қосымша сұрақтар қояды. Есіңізде болсын! Банк қызметкерлері ешқашан сіздің уақытыңызды алмайды және «Әңгімені жалғастыруға бірнеше минут бөле аласыз ба?» деп сыпайы түрде сұрайды. Коронавирустық пандемияға байланысты адамдарға хабарласып, оларға қаржылық қолдау көрсетілетіні туралы хабар беретін жағдайлар жиілеп кетті: төлемдерді бөліп төлеу, несиелік демалыс және т.б. Алаяқтар оларды рәсімдеу үшін банк картасының деректерін айтуыңызды сұрайды және жоғарыда айтқан амал-айлаларды қолданады. Егер банк картасының иесі мәліметтерді, жарамдылық мерзімін және CVV-кодын (картаның артқы жағында көрсетілген үш сан) атаса, әккі алаяқта сіздің шотыңыз арқылы онлайн сатып алуға арналған барлық қажетті мәліметтер болады. Соңғы уақытта балаларға арналған «дағдарысқа қарсы» жәрдемақыларды төлеуге байланысты алаяқтық жағдайлары жиіледі. Алаяқтар осылайша ресми сайтты сырттай көшіріп, мемлекеттік қызметтер порталын имитациялайтын интернет-сайттар жасап, жәрдемақы төлеу үшін банк шотының нөмірі туралы деректерді енгізуіңізді сұрайды. Мысалы, кейде лотереяға қатысуды ұсынады. Ол үшін сіз сайтта сауалнама жүргізуіңіз керек. Барлық қатысушыларға ірі ұтыс уәде етіледі және картаны растау үшін олар банк шотына 1000 теңге аударуды сұрайды. Әрине, ешқандай лотерея өткізілмейді, ал карта иесі белгісіз шотқа ақша жібереді. Қаржы алаяқтарынан қорғану жолдары. Телефон арқылы өз картаңыздың деректемелерін, әсіресе, үш таңбалы CVV-кодын әрі SMS-хабарламамен келген кодтарды ешкімге айтпаңыз!Бейтаныс нөмір қоңырауларына жауап бермеуге тырысыңыз немесе белгісіз нөмірлерді анықтайтын антивирустық бағдарлама мен арнайы қосымшаны қолданыңыз.Егер әңгіме барысында күмән туындаса, қоңырау шалушымен әңгімені жалғастырмай, телефон тұтқасын қойыңыз. Сіз клиент болып табылатын банкке кез келген уақытта пластикалық картаның артқы жағында көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалуға болады.Егер сізге алаяқтардан қоңырау келіп түссе, банкке қайта қоңырау шалып, күдікті қоңырау туралы хабарлау керек.

Телефонмен-ақ аузыңды аңқитып кететін алаяқтар кез келген өңірде бар. Адамның сеніміне кіруді шебер меңгерген олар жиған-тергеніңізді әп-сәтте үптеп кетуі мүмкін.Қазақстандық тағы бір банктің клиенттері алаяқтардың құрбаны болған. Адамдарға белгісіз біреулер телефон соғып, өздерін қаржы мекемесінің қызметкерімін деп таныстырып, олардың атынан онлайн несие рәсімделгеніне сендірген. Қылмыскерлер қарызды жабу үшін несиені қолма-қол алып, ақшаны көрсетілген есепшотқа аударуды талап еткен. Осылайша, құрбан болған азаматтар арам пиғылдыларға ақшаны өз қолдарымен табыстаған. Мамандар болса алаяқтар әрқашан жаңа айла-амалды ойластырып отырады деп ескертеді. Алаяқтардың арбауына түскендердің бірі – зейнеткер Татьяна Гулеева. Әйелдің айтуынша, оған белгісіз ер адам телефон соғып өзін банк қызметкерімін деп таныстырған, содан соң әйелдің атына онлайн несие рәсімделгенін айтқан. Бейтаныс азамат оған несиені қолма-қол ақшамен алуға кеңес беріп, одан кейін басқа банктерден тағы екі қарыз алғызып, қарызды жабу үшін ақшаны арнайы есепшотқа салуға көндірген. Татьяна дәл солай жасап, соңында қаражат алаяқтардың қолында қалған.

“Қазір менің қарыз күндерім жүріп жатыр, банктер хабарласып несиемді төлеуді талап етуде. Мен қайта қаржыландыруға тырыстым, бірақ ешнәрсе шықпады. Менің үш несиемнің жалпы сомасы 2 миллион 600 мың теңге”, – дейді Татьяна Гулеева.

Осындай таныс айла схеманың зардабын жедел жәрдем жүргізушісі Денис Безбородов та тартқан. Оған да белгісіз біреулер телефон соғып, оның атынан несие алынғанын мәлімдеген. Содан кейін олар әртүрлі банктерден тағы бірнеше несие алып, ақшаны “сақтандыру ұяшығына” аудару керек екенін айтады. Ер адам сеніп қалып, милиондаған қарыздарымен қалып қойған.

“Менің хабарымсыз, қолтаңбамсыз, жеке суретімсіз ешнәрсесіз онлайн-несие рәсімделеді. Алаяқ қайта телефон шалып былай деді: “Сіз басқа банктерден өтіп несие алуыңыз қажет, әйтпесе олар сіздің атыңыздан тағы да қарыз алып қояды”. Мен дәл солай жасадым, бір сөзбен айтқанда олардың сөздеріне сеніп қалдым. Барлық шығын көлемі 8 жарым миллион теңге”, – дейді Денис Безбородов.

Ұлттық Банк ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертеді.

Қастық ойлағандар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тестік-режимде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді.

Ұлттық Банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

«Ұлттық Банктен» ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.