ТҮРКІСТАНДА«ҰШҚЫР ОЙ» АЛАҢЫ ДЕБАТ СЫНЫБЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

355

Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде тарих-география бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой» алаңы дебат сыныбының ашылу салтанаты өтті.

Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастамасымен қолға алынған жоба мақсаты – «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беруді іске асыру.

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы мен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі Бекбол Алиұлы дебат сыныбының лентасын қиып, салтанатты түрде ашты.

Бүгінгі таңда аталмыш мектепте жұмыс жүргізіп отырған «Алаш» дебат клубы мүшелері «Қазіргі қазақ жастарының бойында патриоттық сезім байқалады» тақырыбында көрсетілім ойынын көрсетті. Дебат ойынын тамашалап болған соң мектеп өнерпаздарының қатысуымен «Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» тақырыбындағы концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.