БҰЛ РЕФОРМАНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК
Күні кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен жетінші шақырылымның Мәжіліс депутаттарының барша облыстық, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттарының жұмыстары да өз мәресіне жетті.
Мемлекетіміздің басты мүддесі үшін қабылданған бұл саяси жарлыққа оң көзқараспен қараймын және бұл шешімді толық қолдаймын.
Осы екі жыл ішінде халық үніне құлақ асып, көптеген жұмыстарды әріптестеріммен бірге атқардық. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.
Әрқашан халықпен кері байланыс орнатып, сол бойынша жұмыстар жасадық деп айта аламын. Алдағы уақытта да, ел мүддесі мен халқымыздың игілігі жолында қызмет ете беремін.
Президентіміз саяси институттарға модернизация жасалатынын бірнеше рет айтқан болатын. Кезекті саяси дода жаңа Конституциялық өзгерістер негізінде жүзеге асады. Сондай-ақ ол өз мәлімдемесінде: «Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады», — деп атап өтті.
Ғалымжан ХУДИЯРОВ, VII шақырылымда сайланған Түркістан қалалық мәслихатының депутаты