ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН САЯБЫРСЫП, ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

441
Түркістан облысында қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтеріліп, көшелерді су басу жағдайы Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында орын алған болатын.
Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда аталған аудандарда сағат 13:00-ден бастап жауын-шашын тоқтады. Жағдай тұрақталып келеді.
Тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында, ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору және суды айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған жұмысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 63 қызметкер, 9 бірлік техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 240 қызметкері, 40 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылып, суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.