ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

22
Бүгін аудан әкімі Аскар Естибаев аудан орталығындағы «Балдырған», «Балапан» және «Таңшолпан» мемлекеттік балабақшаларына арнайы барып, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын бақылады.
Ол жерде аудан басшысы балалар қауіпсіздігіне қатысты жауапты бөлім басшысына біршама тапсырмалар жүктеп, әйнектен жасалған ішкі есіктерді пластикалық материалға ауыстыру, ескірген теледидарларды жаңарту, аула тазалығы мен есік алдындағы көк тайғақтың алдын алу бойынша ескерту жасады.
Сонымен қатар, мекемелердің жылу жүйесін тексеріп, сыртының тозығы жеткен ғимараттарды жөндеу бойынша шаралар қабылдау керектігін атап өтті.
Жалпы Түлкібас ауданында 53 мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Оның ішінде 15-і мемлекеттік балабақша, 35-і жекеменшік балабақша, 3-і шағын орталық. Аймақта балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.