САУРАНДА ЖАУЫН-ШАШЫН САЛДАРЫН ЖОЮҒА ЕРІКТІЛЕР КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

253
Жауын-шашынның салдарынан Сауран ауданына қарасты бірнеше ауылды су басқан болатын.
Қазіргі таңда тасқын болған ауылдарда аудан басшылығы тарапынан тиісті апаттық құтқару шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, біршама ерікті жастар жұмылдырылып, азаматтық белсенділіктерін танытуда.
Орын алған оқиға бойынша Төтенше жағдайлар бөлімімен 12 жергілікті қызмет өкілдері жұмылдырылып, жедел Штаб құрылған. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде.
Сауран ауданы әкімдігінің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, тиісті шаралар қабылдануда. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру техникасы, 1 Уазик көлігі, 4 су тартатын матопомпа, 33 жеке құрам жұмылдырылған.