Жақсыдан өнеге

393

Шымкент қаласының көшесінде келе жатып үлкен плакатқа көзім түсіп кетті, қарасам Мәслихат депутаттығына үміткер Қаныбеков Сәкен Әсембекович деп суреті ілініп тұр екен.Есіме осы Сәкеннің әкесі Қаныбеков Әсембек ағам көз алдыма елестеп кетті.

Институт бітіргеннен кейін 1987 жылы Жетісай ауданы, «Заря Коммунизма» колхозында алдымен механик,одан кейін зав ЦРМ болып қызмет істеп жүрдім. Неше жылдар бойы қолданусыз жатқан Пневматикалық молот, Фрезерный, шлифовальный және Топливный насосты жөндейтін станоктарды іске қосып Жетісай аудандық Казсельхозтехника мекемесінен келетін қызмет ақысынын /услуга/ ақшасын азайттым.Сол себепті болу керек біз істей алмайтын иінді вал, вкладыш,аккумулятор,фильтр тағы басқа қосалқы бөлшектерді бермей қойды.Колхоз бастығы Әжібеков Сапарбек ағаммаған ренішін білдіріп,осыма сенің  экономия дегенің ,  не таптың деген сөзді айтқан соң,ол кісіге онда маған 4-5 доверенность беріңіз мен облыстан запчасты алып келемін дедім. Сөйтіп не керек Шымкенттен бірақ шықтым.Облселхозтехника мекемесін тауып есігін тақылдатып рұқсат сұрап Облсельхозтехника бастығының кабинетіне кірдім.

Кірсем бір әдемі кісі орнынан тұрып менің қасыма келіп сәлем берді,орындыққа отырғызып қандай мақсатпен келгенімді сұрады. Содан соң ол кісіге қайдан келгенімді,өкпемді, шағымымды айттым.Не керек ол кісі маған таңырқап қарап,алдындағы телефонға қолын созып бір жерге звандады, сөйттіде маған, інім Қызылсай деген жерде база бар, мә саған қағаз осыны базаның директоры Сахов деген атын ұмытыппын сол кісіге бер не қажет болса бәрін саған беріп жібереді деді .Содан не керек базаның директоры барлық завскладтарын сапқа тұрғызып қажетімнің бәрін алыпберді,сонымен колхозға қайттым.Арадан 36 жыл өткеннен кейін,мен ол кісінің адамгершілігін,елім десе жанын құрбан ететін азамат екенін білдім,неге десең не көп колхоз,совхоз көп сол кезде менің сөзімді сөйлемей,мені керек болса білмейді де, ортақ мүддені,мемлекетіміздің мүддесін жоғары қойды.Мен ойлаймын Сәкен алтынның сынығы,ол мемлекет мүддесін жоғары қойған адамның баласы,халықтын мұң-мұқтажын тыңдай білетініскер азамат,нағыз халықтын депутаты бола алатын иісі қазақ еліне керек адам.

Мейірхан Нұрымбетұлы Зейнеткер