ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ САҒАТЫНА ҚАТЫСТЫ

181

Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жасөспірімдердің бойына Отанды сүю, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, сіңіру мақсатында маңызы зор шара ұйымдастырды. Яғни ювеналды полиция тобының инспекторлары арнайы бағдарламаға сәйкес алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен бірлесіп, іс-шара өткізді.

Мектепте өткен шарада «Отан қорғау-ердің азаматтық борышы» екенін ескертіп қана қоймай, өскелең ұрпақтыі бойындағы патриоттық сезімді жоғарылату, Қарулы күштер жарағындағы қарулармен таныстыру, тарихқа шолу секілді қызықты тәрбие сағатын ұйымдастырды.