СОЗАҚТЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

194

Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңіске жету үшін халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Осы үшін қазіргі ұрпақ бейбітшілік сыйлаған ардагерлерге ризашылық білдіруі тиіс. Себебі Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің саны жыл өткен сайын азайып келеді.

Соғыс кезінде ерлік танытқан жанның бірі- Созақ ауданы Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елдімекенінде тұратын Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Созақ ауданының Құрметті азаматы Мырзахмет Жылысбаев.

9 –мамыр «Жеңіс күні» қарсаңында, Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев, аудандағы майдангерлердің соңғы тамшысы, соғыстың соңғы солдаты М. Жылысбаевтың шаңырағына барып, ұжым атынан сый — сияпат табыс етті.

Ал ардагер атамыз майдандағы естеліктерімен бөлісіп, ауданның полиция қызметкерлеріне ақ батасын берді. Қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етудегі жұмыстарына табыс тіледі.